Текст
№ 5 ОМ мектептің әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес жаратылыстану-математикалық циклдің Апталығы өтіп жатыр. Апталық аясында, Боженок Н.Н. 6 «Б» және «В» сыныптарында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы – «Атмосфералық қысым». Жаңа тақырып зерделеу кезінде балалар топта жұмыс істеді және ауа массасы бар екенін және қандай да бір заттарға қысым көрсететінін дәлелдеді, қысымды өлшеу үшін құрал – барометрді қарастырды. Сабақ соңында оқушылар жергілікті биіктікті және атмосфералық қысымды анықтауда тапсырмалар орындады, сонымен қатар бір-бірінің жұмысын бағалап, өздерінің сабақтағы жетістіктеріне түсінік берді.