1-сыныпқа құжаттарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес балаларды 1-сыныпқа қабылдау және қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

Пилоттық жобаға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының әрбір облысы үшін құжаттарды қабылдаудың өз мерзімдері айқындалған, Ақмола облысы үшін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдаудың мынадай мерзімдері белгіленген:

10 маусымнан 31 тамызға дейін - өтініш беру eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ мектептің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Аталған шаралар жаппай өтініш беру кезінде порталға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Әрбір мектепте сондай-ақ ЭЦҚ пайдалана отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

 Бірінші сыныпқа 6 жастан бастап балалар, сондай-ақ ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін:
1. өтініш;
2. баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3, Медициналық анықтамалар (денсаулық және егу паспорты);
4, Көлемі 3 × 4 см фотосурет (2 дана)
5, Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
6. ЭЦҚ немесе Egov mobile (QR) болуы

Қабылдаудан бас тарту мынадай жағдайларда ғана мүмкін болады:

- дәйексіз құжаттарды ұсыну;

- талаптарға сәйкес келмеуі;

- дербес деректерді өңдеуге келісімнің болмауы.

Текст