Текст
Ұйымдар тізімі
8 «Б» сыныбының оқушы қыздары мектеп кітапханашысына оқулықтарды реттеуге көмек көрсетті. Қыздар үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен кітаптарды сұрыптап, олардың жағдайын тексеріп, өз орындарына орналастырды.
Мұндай жұмыс кітапханадағы тәртіпті сақтауға ғана емес, сонымен қатар кітапқа деген ұқыпты көзқарасты, жауапкершілік пен еңбекқорлықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Қыздарға белсенді қатысқандары мен көрсеткен көмектері үшін алғысымызды білдіреміз! Оқуда және мектептің қоғамдық өмірінде толағай табыстар тілейміз!
