Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

21.10.2026
  • 19.10.26ж. №5 жалпы білім беретін мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
    Жиналыстың мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, балаларымыздың білімі мен тәрбиесіне, қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылау.
    Күн тәртібінде:
    1. 2026-2027 оқу жылының оқу бағдарламасының ерекшеліктері туралы мектеп директоры Шаяхметов Қ.К. және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Зубова Г.Е., Смирнова О.А. баяндамаларын оқыды.
    2. Балалардың қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөнінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Буслаева Е.Э. түсіндірді.
    3. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ПДН қызметкері Ахмадиева З.Р. маңызды ақпаратпен бөлісті.
    4. Мектебіміздегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу (СППС) қызметінің жұмысы туралы педагог-психолог Султан С.Г. таныстырды.
    Жиналыс ашық диалог форматында өтіп, ата-аналар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
    Құрметті ата-аналар! Уақыт бөліп келгендеріңізге және мектеп өміріне бей-жай қарамайтындарыңызға үлкен рақмет!
     
Просмотров: 135


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст