Текст
«Кітап оқитын ұлт: 12 айда – 12 кітап» жобасы аясында
6 «Б» сынып оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесін оқып, мазмұнын талқылады.
Оқушылар шығарма кейіпкерлеріне талдау жасап, Қожаның мінез-құлқы, арманы мен іс-әрекеттері туралы өз ойларымен бөлісті. Талқылау барысында достық, адалдық, жауапкершілік және тәрбие тақырыптары қозғалды.
Кітапты талқылау оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, өз пікірлерін еркін жеткізуге және көркем шығармадан ой түюге мүмкіндік берді.
Кітап оқиық, ой бөлісейік, рухани байиық!
/public/files/2026/10/13/131026_195731_whatsapp-video-2026-10-13-at-195559.mp4