" />
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №5 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Жүру картасы

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолдау 2025

Көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек.

Президент Қ. Ж. Тоқаев: «Біз үшін Транскаспий көлік бағытын дамытудың маңызы арта бастады. Бұл бағыттардың бәрі біртұтас жүйе сияқты жұмыс істеп, елімізге едәуір табыс әкелуі керек. Сондай-ақ инфрақұрылымды жақсартуға жаңа инвестиция тарту қажет, сапалы жұмыс орындарын ашуға ықпал етуге тиіс. Осы орайда, цифрлық тәсілдерді ауқымды түрде қолданған абзал. Онсыз ешқандай тиімділік болмайды. Өңірлердің көлік байланысына қатысты мәселемен мықтап айналысу керек. Бұл жөнінде қазір көп айтылып жүр, соның ішінде халықаралық форумдарда да талқылануда. Ірі транзиттік аймақ саналатын Қазақстан үшін бұл бағыт айрықша маңызды».

Президент Қ. Ж. Тоқаев: "Әлемде құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 16 пайыздан астамы контейнермен жіберіледі. Бірақ елімізде оның үлесі әлі де төмен – небәрі 7 пайызға жуық. Үкімет контейнермен жүк тасымалдау ісін жандандыруға арналған арнайы бағдарлама қабылдауы қажет. Онда мультимодальді бағыттарды дамытатын пәрменді шаралар да қарастырылуға тиіс.
Ішкі тасымалдың көлемін және бәсекеге қабілетін арттыру үшін тариф саясатының тиімді әрі түсінікті болуы айрықша маңызды рөл атқарады".

Тағы бір маңызды мәселе – әуемен жүк тасымалдау ісіне айрықша назар аудару қажет. Бұл саладағы ахуал жақсарып келе жатыр. Дегенмен оның көлемін арттыра түсуге мол мүмкіндігіміз бар.

Мен бұған дейін әуемен тасымалданатын жүк көлемін екі есе ұлғайту жөнінде тапсырма бердім. Бұған бірінші кезекте, шетелдің ірі инвесторларын тарта отырып Ұлттық жүк тасымалдаушы компания құру арқылы қол жеткізуге болады.

Электронды сауда-саттық пен озық технологиялық өнімдердің саудасы қызып тұрған қазіргі кезде әуемен жүк жеткізу аса жоғары сұранысқа ие әрі табысы көп тасымал түрі саналады. Сондықтан біз әуе хабтарын белсенді түрде дамытып, олардың жаһандық логистика тізбегіне кірігуін қамтамасыз етуге тиіспіз.

Сонымен қатар экспресс-жүк тасымалдау саласын ретке келтіру қажет. Бұл қадам тұтынушылардың мүддесін қорғау үшін керек.

Қазір бүкіл әлемде пилотсыз жүк тасымалдайтын арнайы автокөліктер мен дрондар сияқты көлік түрлері дамып жатыр. Үкімет осындай технологиялардың тез арада қолданысқа енгізілуіне барынша жағдай жасауы қажет. Соның ішінде тиісті құқықтық актілер қабылдауы керек.

Президент Қ. Ж. Тоқаев: «Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.
Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

 

 


Текст