Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, гүлдер, шарлар.
1-жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті
ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар!
2-жүргізуші: Құрметті асыл аналар!
Қадірменді ұстаздар! Сыныптағы қыздар! Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі келді. “Ана” осы бір қасиетті сөзде қаншама мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар.
1-жүргізуші: Олай болса, асыл аналар, көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңдер! – дей отырып, «Ардақтайық ананы» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2-жургізуші: Көктем-ең тамаша жыл мезгілі. Күн жылынып, қар ериді. 8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі тойланады. Ер адамдар әжелерді, аналарды, қыздарды құттықтап, гүл сыйлайды.
Көктемде ең алғашқы гүл – бәйшешек өсіп шығады. Сонымен бірге қызғалдақ та осы көктемде өседі. Дала сұлуланып кетеді
1-жүргізуші: Қар еріп, жерді бу алып,
Әнші құстар қуанып.
Асыр салар торпағым,
Жылғалардан су ағып.
2-жүргізуші: Көңіл асып кемерден,
Күн менен түн теңелген.
Көктем қандай тамаша,
Мол ырысқа кенелген!
1-жүргізуші: Әжем – ақыл бесігі,
Мейіріммен тербеткен.
Мен де ақылды боламын,
Аман – есен ержетсем.
2-жүргізуші: Бақытты ғой шынында анасымен балалар,
Аман болсын аналар!
1-жүргізуші: Сіздерменен жарасады өңіміз,
Сіздерменен жарасады сәніміз.
Құтты болсын мерекеңіз, құттықтаймыз бәріміз!
2-жүргізуші: 8 наурыз – халықаралық әйелдер мейрамы. Бұл мейрам асыл аналардың, сонымен қатар қыздардың, сіңлі-қарындастың, апа-жеңгенің, аяулы әженің де мейрамы.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, олай болса,бүгінгі кешке қатысып отырған ұстаздар қауымының да мейрамы екенін ұмытпайық.
2-жүргізуші:
Біздің сынып ерекше, тату-тәтті, зерек те
Аямайды бар күшін, сізге көмек керекте.
Көп іскер де, оқу, еңбек, өнер де
Бағаланған еңбегі – біз мектептің сенгені.
1-жүргізуші: Қазір біздің сыныптың шағын концертін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:Тамиристің орындауында «Алматы мен Астана» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Даянаның орындауында «Еркем - ай» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:Аuymi тобының (Гүлзат, Аружан, Жансия) орындауларында «Ол сен емес пе?»
әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Алинаның орындауында «Пиа-пиа» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Исламның орындауында «Қазақ қызға үйленем» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Аяулы да ардақты көрермендер. Тағы да мерекелеріңізбен құттықтап, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Ауырмаңыздар, шаршамаңыздар. Ортамызда жарқырап жүре беріңіздер. Біз сіздерді жақсы көреміз. Сау болыңыздар!