Мектепте «Адал ұрпақ» клубы ұйымдастырылған. Оған 8-10 сынып оқушылары кірді, 24 адам.
«Парасатты азамат» бұрышы безендірілген.
Мектеп клубының мүшелері арасында қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету тобының инспекторы капитан полициясы Б.Казтаевтың қатысуымен «Қоғамдық тәртіптің негізі» дискуссиялық практикумы өткізілді, «Жемқорлыққа- жоқ!» тақырыбы бойынша мектеп кітапханасының меңгерушісі Исмагулова Г.А. кітап көрмесін ұйымдастырды.
«Қазақстан – құқықтық мемлекет» айлығы өткізілді.
2016 жылдың 7 желтоқсанында 5-7 сынып оқушылары арасында «Адал еңбек сатылмайтын бейнесі» суреттер сайысы өткізілді. 8-сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызметті алу» іскер ойыны өткізілді. Жауапты - «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері.
2017 жылдың қаңтар айында «Құқықбұзушылықтың жемқорлық картасы» атты жобаларды қорғау өткізілді. «Адал ұрпақ» клубы мүшелерінің басшылығымен оқушылар баспасөзде, Ғаламтор желісінде құқықбұзушылық жемқорлық фактілері бойынша материалдар жинады. Әрбір параллельдегі оқушыларға Қазақстан облысы бойынша құқықбұзушылық жемқорлық фактілерін жинау бойынша тапсырма берілген болатын.
«Адал ұрпақ» мектеп клубы мүшелері арасында «Біздің таңдауымыз – құқықты мемлекет»дөңгелек үстел ұйымдастырылды.