4 «А» - сыныбында 25- желтоқсан күні жаңа жылдық кеш өтті. Барлық балалар мерекелік кешке өте жақсы дайындалып келді. Кеш өте көңілді өтті.
Бірінші бөлімде балалар қойылым тамашалады. Кейін шыршаның жанында ойын ойнап, көңіл көтерді, тақпақтарын айтты.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.