2 ақпан күні «Өзін-өзі тану» апталығының ашылуына орай салтанатты мереке өткізілді. Құттықтау сөзімен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Полозкова Светлана Михайловна және Ахметжанова Махаббат Муратовна сөйледі, олар балаларға зор денсаулық, жақсылық, мейірімділік тіледі. Одан кейін олар эстафетаны мектеп оқушыларына берді. 3,5-10 сынып оқушылары белсене қатысты. 10 «Б» сынып оқушысы Федоссенко Валерия «Жақсылық» әнін орындады, 4 «А» сынып оқушысы Қалижан Аяулым «Арманым» композиясын орындады, 5А сынып оқушылары «Көк тудың желбірегені» әнін орындады, 2-3 сынып оқушылары жақсылық, достық, мейірімділік жайында тақпақтар айтты. 7 «А» сыныптың оқушылары Кушекова Асель және Шамаева Фариза оқушыларды апталықтың барлық іс-шараларына қатысуға шақырды. Біздің балалар өздерінің шығармашылығымен өздерін жан-жағынан көрсетті. «Өзін-өзі тану» апталығының салтанатты мерекесі «Жақсылық жолымен» атты ән ұранымен аяқталды.
2.Бүгін «Мен бұл әлемді сүйемін» атты тақырыпппен қабырға газетті және фотоколлаж сайыстары өтті.
3. «Әлем балалар көзімен» бастауыш сыныптар арасында суреттер сайысы өтті.