Текст
Ұйымдар тізімі
14.04.2026
Бүгін 5 «В» сыныбында Боранбекова Ш.А.музыка пәні мұғалімі қазақтың көрнекті композиторы, ғалымы және дирижері Ахмет Жұбанов туралы қызықты сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар оның қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесімен танысып, шығармаларын тыңдап, ұлттық мәдениетіміздің байлығын сезінді. Балалар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Осындай тағылымды сабақтар арқылы жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығы артып, рухани дүниесі байи түседі.
/public/files/2026/4/14/140426_130911_whatsapp-video-2026-04-14-at-120527.mp4