Ұйымдар тізімі
26.03.2026
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25-28 наурыз аралығында Бурабай ауданының аумағында «Каникул» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Бұл кезеңде қоғамдық тәртіпті сақтауға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Ата-аналардан балалардың каникул уақытында жұмыспен қамтылуына және орналасқан жеріне бақылауды күшейтуді, олармен қоғамдық орындарда және көшеде жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.
Оқушыларға мінез-құлық нормаларын сақтау, ұқыпты және абай болу, ересектердің еріп жүруінсіз кешірек болмау қажеттігін ескертеміз.