Ұйымдар тізімі
04.03.2026
2 наурыз күні «Алтын қалам» фестивалі жоғары деңгейде өтті!
Кеше 2–9 сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Алтын қалам» фестивалі нағыз шығармашылық мерекесіне айналды.
Жас қатысушылар әдеби шығармашылық, мәнерлеп оқу және авторлық туындыларын ұсыну арқылы өз таланттарын көрсетті. Сахна төрінде қаншама әсерлі ойлар мен шынайы сезімдер айтылды!
Ең бастысы — фестивальге қатысқан барлық оқушылар грамоталармен марапатталды. Әрбір бала өз еңбегінің жемісін көріп, лайықты бағасын алды. Бұл фестивальдің негізгі мақсаты — балаларды қолдау, шабыттандыру және олардың өз күшіне деген сенімін арттыру.
Қатысушыларға — батылдықтары мен таланты үшін, ұстаздарға — кәсіби қолдауы үшін, ал ата-аналарға — сенімі мен демеуі үшін үлкен алғыс білдіреміз!
«Алтын қалам» фестивалі тағы да балаларымыздың бойында үлкен әлеует бар екенін дәлелдеді.
Келесі кездескенше!
