5 - маусым күні, «Улыбка» лагерінің үшінші күні өтті. Лагердің ашылу салтанатына арналған концерт өткізілді.
Сағат 10:00- ден бастап, балалар гимнастикалық жаттығу жасауға барды. Дене шынықтыру мұғалімі Еркеш Олжанов балалармен сапта түрлі жаттығулар жасау жолдарын көрсету арқылы, өздеріне жаттығу жасатты. Сағат 11: 30- да лагердің ашылу құрметіне арналған концерт басталды. Концерт басында тайпаның үлкені тайпа басшыларын сайлады. Балалар топтар бойынша түрлі билер билеп, ән айтты, тақпақты мәнерлеп оқыды. Жұмбақтар шешіп, ойындар ойнады. Концерт біткен соң, кішкентайларға арналған шағын дискотека өткізілді. Осы іс-шарадан соң, балалар түскі асқа барды. Түскі астан соң, мультфимдер көріп, сурет салды.
14 маусым біздің «Улыбка» лагері өте керемет күн өткізді. Балалар жылқы бағатын орынға қызықты экскурсия жасады. Олар жылқы малы туралы қызықты мәліметтермен танысып, олардың жетістіктері туралы білді. Саяхаттың ең қызықты кезеңі – атқа жегілген арбаға мініп, қыдырып жүру болды. Одан кейін балалар таза ауада дем алып, тамақтанды, көк шалғында ойнады. Бұл күн балалар есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
19 маусым күні біздің «Улыбка» лагері СПЧ- 24 өрт сөндіру бөліміне саяхатқа барды. Бөлімше қақпасынан күтіп алған өрт сөндіру қызметкерлері балалармен танымдық және қызықты әңгіме жүргізді. Балалар өрт сөндіру қызметкерлерінің қалай сабаққа дайындалатынын, олардың күн режимімен, өрт сөндіру үшін шақыру белгісі берілгенде қалай дайындалып баратынынан хабар алды. Өрт сөндіру қызметкерлері балалардың барлық сұрақтарына жауап берді. Ең қызықты сәт- балалар үшін өрт сөндіру қызметкерлерінің киімін киіп көру болды. Бүгінгі күн балалар үшін өте маңызды, әрі қызықты өтті.