Текст
21 маусым біздің мектеп жанындағы «Улыбка» лагерінде «Бантиктер күні» өтті. Балалар бантиктер не үшін керек екендігін, оның қандай түрлері бар екендігін сұрақ - жауап әдісі арқылы талдап, түсіндірді.Одан соң балалар байланған бантиктерді шешіп, сайысты. Екі топтан қыздар шығып, шаштарын өріп, бантикпен сәндеді. «Команчо» және «Гуроны» командалары байланған бантикті бастарымен түсірмей алып жүру арқылы сайысқа түсті. Осы ойындардан соң балалар аулаға шығып, «Болады, болмайды» ойыны және эстафеталық ойындардан жарысқа түсті. Бүгінгі күн де балалар үшін өте көңілді, әрі қызықты өтті.