Текст
"Улыбка" онлайн- лагерьіндегі төртінші күн әр баланың көңіліне жақын болды.
Күн, балалардың сүйікті досына айналған капитан Шаянның көңілді жаттығуларынан басталды. Балалар зор ықыласпен оның нұсқауларын орындады.
Біздің Отанымызға, туған өлкеге махаббат, жақынға деген сыйластықты арттыру мақсатында өткізілген "Әуенді тап" тақырыбындағы музыкалық ойынға балалар ерекше ықыласпен және қызығушылықпен қатысты. Бұл ойынның белгілі жеңімпаздары болды.
Олар: Дюсенбек Дарья 1"А" сынып, Катаев Айдар 1"А" сынып.
Және де "Улыбка" онлайн- лагерьінде "Жұлдыз бол" тақырыбында бейнеконкурс өтті. Балалар өздерінің қандай шығармашыл, жаңашыл, көңілді, тапқыр екендіктерін көрсетті.