БҰЙРЫҚ
|
ПРИКАЗ |
15 мамыр 2017 жыл |
№ 29 |
Щучинск қаласы |
город Щучинск |
Жазғы мектеп жанындағы
лагерьді ұйымдастыру
туралы
Бурабай ауданының білім беру бөлімінің 10.05.2017 жылғы «Оқушылардың 2017 жылғы жазғы және еңбек демалысын ұйымдастыру туралы» № 142-Ө бұйрығы негізінде, жасөспірімдердің және балалардың 2017 жылдың жаз уақытында демалысын, сауықтыруын және еңбек демалысын, шығармашылық дамуын ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларын құру, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мектепте 2017 жылдың 05.06-14.07 аралығында (3 ауысым) күндізгі келумен жазғы мектеп жанындағы лагерьдің жұмысы ұйымдастырылсын.
2. Бастауыш сынып мұғалімі Шокутбаева Оксана Евгеньевна маусым айында лагерь бастығы болып және лагерьге келген кезде өмірі мен денсаулығына жауапты болып тағайындалсын.
3. Бастауыш сынып мұғалімі Кинибаева Б.Т., шілде айында лагерь бастығы болып және лагерьге келген кезде өмірі мен денсаулығына жауапты болып тағайындалсын.
4. Бастауыш сынып мұғалімі Макашева К.А., мектеп филиалындағы лагерьдің бастығы болып және лагерьге келген кезде өмірі мен денсаулығына жауапты болып тағайындалсын.
5. Лагерьдің тәрбиешілері болып тағайындалсын:
- Смирнова О.А., бастауыш сынып мұғалімі;
- Суюмбаева А. С., қазақ тілі және әдебиет мұғалімі;
- Калишева С.Е., бастауыш сынып мұғалімі;
- Каримова А.А., информатика мұғалімі;
- Ахметжанова М.М., бастауыш сынып мұғалімі;
- Степашкина Т.В., бастауыш сынып мұғалімі;
- Байманова П.М., тарих мұғалімі;
- Ежова Л. А., бастауыш сынып мұғалімі;
- Аменова А. Қ., даярлық тобының тәрбиешісі;
- Какенова С. Б., аға тәлімгер, лагерьге келген кезде өмірі мен денсаулығына
жауапты болып тағайындалсын.
6. Жазғы мектеп жанындағы лагерьдің медбикесі болып Жукушева С. Ж., тағайындалсын.
Лагерь медбикесі Жукушева С.Ж., оқушыларды сусындық режиммен қамтамасыз етсін.
7. Спорттық іс-шараларды өткізуде дене тәрбие мұғалімдері қатыстырылсын – маусым айы Кузнецова А. А., шілде айы Олжанов Е. Қ., Нұрқанов Қ.Қ және лагерьге келген кезде өмірі мен денсаулығына жауапты болып тағайындалсын.
8. Лагерьдің барлық қызметкерлерімен қауіпсіздік техникасының талаптарының қадағалауы қамтамасыз етілсін. Мектеп әкімшілігін уақытылы білім беру мекемелеріндегі болған төтенше жағдайлар мен жарақаттану жағдайлары туралы ақпараттандыру.
9. Лагерьдегі жұмыс кезіндегі өрт сөндіру қауіпсіздігіне жауапты болып директордық шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Олжанов Қ.Ә., лагерь бастықтары - Шокутбаева О. Е., Кинибаева Б.Т.,Макашева К.А., тағайындалсын.
10. Лагерь тәрбиешілері балалармен ЖКО, ЖЖЕ, өртті алдын-алу бойынша нұсқаулық жүргізсін.
11. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Кульжаманова М. Е., лагерь қызметкерлерімен қауіпсіздік техникасы және лагерь кезінде балалармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық жүргізілсін, журналға қол қойылсын.
12. Лагерь бастықтары: Шокутбаева О. Е., Кинибаева Б.Т.,Макашева К.А., 2017 жылдың 30 мамырға дейін лагерьдің жұмыс жоспарын құрып бекітсін және ақпараттық стендті безендірсін.
13. Информатика зертханашысы Жолтеева Г. Х., лагерь жұмысы туралы дайындалған материалды мектеп сайтында үлестіруде жауапты болып тағайындалсын.
14. Келесі күн тәртібі бекітілсін:
9.00 – 9.30 – балаларды қабылдау, атап шығу
9.30 – 9.50 – жаттығу, жеке гигиена
9.50 – 10.20 – таңғы ас
10.30 – 13.00 – негізгі іс-шаралар, серуендеу
13.00 – 13.45 - жеке гигиена, түскі ас
13.45 – 14.30 – қызығушылық бойынша ойындар, сайыстар
14.30 – ұйымдастырылған балаларды шығарып салу
15. Бұйрықтың орындалуының бақылауы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кульжаманова М. Е., жүктелсін.
Мектеп директоры Кошенов Н.