Текст
№ 5 орта мектептің "Адал ұрпақ" ұйымы 9 сынып оқушылары арасында "сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"тақырыбында пікірталас ұйымдастырды.
Мақсаты: болашақ ұрпақты әділеттілікке,адамгершілікке, ұлтқа, адал еңбекке тәрбиелеу.
Оқушылар тақырып бойынша презентация жасап, оны қорғады. Ол заңда көрсетілген сыбайлас жемқорлық факторлары туралы оқи отырып, өз ойлары мен пікірлерімен бөлісті. Сауалнама жүргізілді. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының азаматтық борышы екенін білуіміз керек.