Текст
Щучинск қаласының N 5 жалпы білім беретін орта мектебінде 1-сынып оқушыларын мектепке дайындау үшін "Балақайлар мектебі" өз жұмысын бастап кетті. Балақайлар мектебіне балалар жақсы көңіл күймен келді. Сабақ балалармен танысудан басталды. Балалармен түрлі жұмыстар өткізілді. Қолды жазуға дайындау, сауат ашу негіздері, санау, әңгімелеу, сөйлеу мәдениетін дамыту сияқты сабақтар болды. Балалар тапсырмаларды өте жақсы орындай алды. Сабақ арасында сергіту өтті. Балаларға барлығы ұнады.