Текст
Бүгін, біздің «Улыбка» лагері СПЧ- 24 өрт сөндіру бөліміне саяхатқа барды. Бөлімше қақпасынан күтіп алған өрт сөндіру қызметкерлері балалармен танымдық және қызықты әңгіме жүргізді. Балалар өрт сөндіру қызметкерлерінің қалай сабаққа дайындалатынын, олардың күн режимімен, өрт сөндіру үшін шақыру белгісі берілгенде қалай дайындалып баратынынан хабар алды. Өрт сөндіру қызметкерлері балалардың барлық сұрақтарына жауап берді. Ең қызықты сәт- балалар үшін өрт сөндіру қызметкерлерінің киімін киіп көру болды. Бүгінгі күн балалар үшін өте маңызды, әрі қызықты өтті.