Текст
Үстіміздегі жылдың 25 – сәуірінде, 3 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Электр тогы қалай ойлап табылды?» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі Амиршеева Сандугаш Аскаровна сабақта сұрақ- жауап, түсіндіру, зерттеу әдістерін қолдана отырып, негізгі сабақ мақсатына жету үшін оқушыларды екі топта жұмыс жасата отырып, олардың бойында жаңалық ашуға деген қызығушылықтарын арттыра білді. Балалар электр тогы қалай пайда болатынын зерттеу жұмысы арқылы анықтады, қорытынды жасап, дәлелдеді. Сабақ өте тартымды өтті.
Бастауыш сынып әдіс бірлестігі