Текст
Бүгін мектебінде бастауыш сынып апталығы аясында 0-4 сыныптар арасында «Мектеп жылдары тамаша!» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтілді. Сайысты бастауыш сынып мұғалімі Әміршеева Сандуғаш Асқарқызы жүргізді. Сайыста бастауыш сыныптардан барлығы 12 қатысушы бақ сынады. Мектеп туралы өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыған оқушылар көрермендерді таң қалдырды. Әділқазылар шешімі бойынша дауыс дикциясы қалыптасқан, оқу шеберлігі өте жоғары - Щербакова Ангелина 1 «Б», Доценко Артем 2 «Б», Пшеничникова Вероника 3 «Б» - І орынды, Еркебұланқызы Луиза 1 «А», Сидоренко Виктория 4 «Б» - ІІ орынды, Луговская Софья 0 «А», Сагинтаев Данияр 4 «А» - ІІІ орындарды иемденді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!