Текст
"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!"- міне, осындай ұранмен біздің мектепте суреттер байқауы өтті.
Біздің мектептің оқушылары түрлі-түсті суреттер салды, онда денсаулықтың құрамдас бөліктері ашылды: дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жаман әдеттерден бас тарту. Жас суретшілер салауатты өмір салтын насихаттайтын көрме құру идеясына үлкен ықыласпен және шығармашылықпен қарады. Суреттерде балалар өз денсаулығын қалай сақтау керектігі туралы айтты.