Текст
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 15 желтоқсан күні “Жас Ұлан” РЖБҰ-на 5”а” сынып оқушыларын салтанатты түрде қабылдады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерденбаева Айгерим Сериковна балаларды өмірлеріндегі маңызды әрі қуанышты сәттерімен құттықтап,салтанатты түрде галстук байлап,белгішелерін табыстады. Оқушылар еліміздің патриоты болуға әрі әр іске жауапкершілікпен қарауға ант етті.