"Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!' -деп бүлдіршіндерді мектепке шақырып, алғаш білім ордасының негізін қалаған ұлы ағартушы, педагог, фольклоршы, аудармашы, қоғам қайраткері - Ыбырай Алтынсариннің биыл 180 жылдық мерейтойына өз үлесімді қосу мақсатында аудандық білім бөлімі ұйымдастырған сырттай педагогикалық оқулар байқауына "Бастауыш сыныптардағы Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік, тәлімдік мәні" атты жұмысымды ұсындым. Бастауыш сыныпқа енді қадам аттаған жас жеткіншектерді ұлттық тәрбиеге баулитын, ағартушы шығармаларының тәрбиелік құндылығын дәріптейтін педагогикалық ізденіс жұмысым аудандық байқауда іріктеуден өтіп, облыстық конференцияға қатысты және Ыбырай Алтынсарин жинағына таңдап алынды. Шығармашылық зерттеуімнің өз бағасын алғандығына дән ризамын және де зерттеу жұмысының әрі қарай жалғасын табарына сөзсіз сенемін.
"Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,"- деп Ыбырай Алтынсарин атамыз болашақтың туын ұстар жеткіншектер мен жастарға зор сенім артады. Ал сол сенімді ақтар ұрпақ тәрбиелеу- біздің парызымыз!