Текст
Ұйымдар тізімі
14.01.2026
«Функционалдық сауаттылық» апталығы аясында 2 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Күн Жерге қалай әсер етеді?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар Күннің Жерге әсері және Жердің табиғи серігі Ай туралы тереңірек білім алды. Білім алушылар жұптық тапсырмаларды орындап, бейнематериалдар бойынша сұрақтарға жауап берді. Тәжірибелік жұмыстар арқылы Күн мен Айдың көлемдерінің бірдей болып көріну себебін және Ай бетіндегі кратерлердің пайда болуын анықтады. Сабақ соңында WAYGROUND платформасында тест тапсырмаларын орындады. Сабақ мазмұнды, қызықты өтті.
Сынып жетекшісі: С. А. Амиршеева.
/public/files/2026/1/14/140126_124729_whatsapp-video-2026-01-14-at-114028.mp4