Текст
Ұйымдар тізімі
14.01.2026
2 «А» және 3 «А» сыныптарында «Адал бала – ел болашағы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының қауіпсіздік сабағы кезеңінде білім алушылар супермаркетте өнімдерді дұрыс таңдау ережелерімен танысты. Оқушыларға сұрақ-жауап әдісі арқылы «адал» сөзі тереңірек түсіндірілді. Білім алушылар адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман әдеттерді атап, жаман мінез бен ұнамсыз қылықтардан бойды аулақ ұстау жөніндегі өз ойларын ортаға салды.
Оқушылар «Адалдықтың өтемі» бейнекөрсетілімін тамашалап, адалдықтың адам бойындағы асыл қасиет екендігін тағы бір мәрте айтып, қорытынды жасады.
Сынып жетекшілері: С.А. Амиршеева, М.М. Ахметжанова.
/public/files/2026/1/14/140126_122858_whatsapp-video-2026-01-14-at-095838.mp4