05.06.2021
4- маусым күні лагердің «Улыбка» ашылу салтанатына арналған концерт өткізілді.
Сағат 10:00- ден бастап, балалар гимнастикалық жаттығу жасауға барды. Сағат 11: 30- да лагердің ашылу құрметіне арналған концерт басталды. Концерт басында тайпаның үлкені тайпа басшыларын сайлады. Балалар топтар бойынша түрлі билер билеп, ән айтты, тақпақты мәнерлеп оқыды. Жұмбақтар шешіп, ойындар ойнады. Концерт біткен соң, кішкентайларға арналған шағын дискотека өткізілді. Осы іс-шарадан соң, балалар түскі асқа барды. Түскі астан соң, мультфимдер көріп, сурет салды.