Текст
Ұйымдар тізімі
13.11.2025
Қарашаның 10-нан 12-не дейін Көкшетау қаласында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобаларының облыстық кезеңі өтті . Біздің мектептен 5 «а» сынып оқушысы Жанат Досжан қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Досжанды және жетекшісі Куржибаева Т.К. құттықтаймыз.

Аудандық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 5 сынып оқушылары арасында Милан Куликова 3 орын алды. Милан мен оның жетекшісі А.Б. Құлмағанбетованы жүлделі орынмен құттықтаймыз. Біз мұнымен тоқтап қалмай, тек алға ұмтылуды тілейміз.