Текст
1-24 ақпан аралығында өтетін «Салауатты өмір салтын үгіттеу мен насихаттау» атты айлыққа мектеп оқушылары мен жетекшілер бар ынта-жігерлерін салуда. Айлық барысында алуан түрлі мектепішілік және мектептен тыс іс-шаралар жоспарланды, 7-11сынып оқушыларынан әлеуметтік қызметкермен «Мен және менің денсаулығым» тақырыбында сауалнама алынды, Вожатыйдың басқаруымен мектеп редколлегиясы аудандық компьютерлік газет сайысына қатысса, сынып жетекшілер мен әлеуметтік педагог«Вид со стороны» атты үгіттеу видеоундеу сайысына балаларын дайындап жатыр. Осы ақпан айы қызыққа әрі мотивацияға толы, балаларды салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыратын және жарқын болашаққа үлкен қадам болары сөзсіз.